Ақмешіт музейі

Қазақстан  тарихында Қызылорда  қаласының алатын орны  ерекше.

Қызылорда облысының территориясында әртүрлі тарихи кезеңдерде үш  мемлекеттің бас қаласы болғаны белгілі. ҮІІІ-ХІ ғасырларда оғыз  мемлекетінің бас қаласы Жанкент болды. ХІІ ғасырда қыпшақ тайпаларын біріктірген мемлекеттің орталығы Сығанақ болды, кейін онда қазақ хандығының орталығы Ақорданың астанасы орналасты. Ал ХХ ғасырдың 1925-1929 жылдары Қызылорда Қазақ республикасының астанасы болды.

2005 жылы Қызылорданың республика астанасы болғанына 80 жыл  толды. Осындай мерекені тойлау қарсаңында қалада Ақмешіт музейі  ұйымдастырылды.

Музейге ХХ ғасырдың басында соғылған ғимарат берілді. Бұл  архитектуралық ескерткіштің әдемілігі өткен ғасырдағы өлкеміздегі сәулет  өнерінің даму деңгейін көрсетеді.

Ғимаратқа  күрделі  жөндеу  жүргізіліп, музей  экспозициясы  жасалды. Оған  Орынбор-Қызылорда-Алматы-Астана  жайлы  экспонаттар  қойылған.

Экспозициялық  залдарда: «Ақмешіт-Перовск»  қалаларының  тарихы, «Қызылорда ҚазССР-нің астанасы», Қазақ Орталық Атқару комитеті  төрағасының жұмыс кабинеті, ХХ ғасырдың басындағы зиялы адамдардың  тұрмысы жайлы көрсетілген.

2006 жылы музей реэкспозициядан өтті.

Фото галерея