Облыстың ауыл шаруашылығы мен экономикасының дамуы залы

Облыстың ауылшаруашылығы мен экономикасының дамуы залында Облыс өнеркәсібінің дамуы жайлы мәліметті металл өңдейтін, тоқыма, тігін, тамақ, құрылыс өндірісі кәсіпорындарының бой көтергенінен көруге болады. Экспозиция 1925-1991 жылдар аралығында облыс аймағында болған өнеркәсіп орындарының тарихы, әрбір салада еңбек еткен қызметкерлердің жетістіктері, Социалистік Еңбек Ерлерінің есімдерімен таныстырады.

Әрбір витринада арнайы салаларды қамтитын экспонаттар орын алады. Экспозицияда: Жосалы механикалық зауыты, целлюлоза-картон зауыты, тоқылмайтын маталар фабрикасы, Қызылорда аяқ киім фабрикасы, «Аралтұз» комбинаты, Қызылорда Локомотив депосы мен Қызылорда вагон депосы, Қызылорда аэропорты мен почта және байланыс бөлімі, су шаруашылығы, астық өнімі мен сүт өнімдері, мал шаруашылығы, егін шаруашылығы және Қызылорда облысының құрылуы жайлы материалдар қойылған.

Әрбір витрина – архивтік құжаттар, тарихи құжаттар, фотокөшірмелер, кәдесыйлар, зауыттан шыққан бұйымдар, фабрикадан шыққан өнімдер, бау-бақша өнімінің муляждарымен толықтырылған.

image062.jpg

Фото галерея