Сыр өлкесінің әлеуметтік - экономикалық дамуы (ХV-ХХ ғ.ғ.) залы

Сыр өңірінің Қазақ тарихында алатын орны ерекше. Қазақ мемлекетінің негізі осы аймақта құрылды. Елдің күшейіп нығаюына Ұлы Жібек жолының бойындағы ірі қалалар (Сығанақ, Жент, Сауран т.б.) ерекше рөл атқарды. Қазақ хандығының негізі Ақ Орда мемлекетінің орталығы, жоңғар басқыншыларына қарсы күрес, Орта Азия хандықтарына (Қоқан, Хиуа т.б.) қарсы әскери іс-қимылдар да Сыр өңірінде болды. Осыған байланысты музей экспозициясының хронологиясы ХІҮ-ХХ ғғ. аралығындағы Сыр өңірінің саяси-әлеуметтік дамуы туралы мол мәлімет береді. Экспозиция 6 тарихи кезеңнен тұрады:

  1. Ақ Орда мемлекеті кезіндегі саяси тарихы. 1465 жыл Қазақ хандығының құрылуы (карта, шетелдік деректердегі қазақ хандығы).
  2. ХҮ-ХҮІ ғғ. Қазақ мемлекетінің сыртқы, ішкі саясаты және қазақ билеушілері (Керей, Жәнібек, Қасым, Хақназар, Тәуекел  т.б.)туралы деректер.
  3. 200 жылға созылған қазақ - жоңғар қақтығысы. ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ. Қазақ хандығының саяси әлеуметтік жағдайы. Жоңғар басқыншылы-ғына қарсы күрескен ұлт қаһармандары(хандар, батырлар, билер т.б.) туралы шетелдік деректер қамтылған.
  4. Ресей империясының отарлау саясатының басталуы. ХҮІІІ -ХІХ ғғ. Сыр өңірі туралы деректер (шетелдік және орыс зерттеуші-лерінің мәліметтері) баяндалған.
  5. Ресейдің отарлау дәуірі. ХІХ-ХХ ғғ. Сыр өңірі қазақтарының Ресей империясы мен Орта Азия хандықтарына қарсы ұлт-азаттық көтерілістері болды (хандар, билер, батырлар т.б.).Ішкі Ресейден қоныс аударушылар (переселендер), Орынбор - Ташкент теміржолы-ның салынуы отарлауды тездетті.
  6. Сыр өңірі қазақтарының шаруашылығы (шаруашылық түрлері) Сыр өңірінде ХІХ-ХХ ғасырларда мал және егін шаруашылығы жоғары деңгейде дамып,  сауда өркендеді.

image044.jpg

Фото галерея