Этнография залы

     Этнография залы Сыр өңірінің этнографиясы туралы баяндайды. Арнайы витриналарда Сыр өңірі қазақтарының шаруашылығы, салт-дәстүрлері, қолөнері және ұлттық ойындары туралы материалдар берілген. Экспозицияда алты қанат киіз үйі жасау жабдығымен және ұлттық үй жиһаздарымен орналасқан. ХІХ-ХХ ғғ. үй тұрмысында пайдаланған бұйымдары (ағаш табақ, ағаш кесе, ожау, тегене, келі келсап, күбі, ағаш кесеқап т.б.) музей қорындағы Сыр өңірі қазақтарының зергерлік бұйымдар коллекциясы (сырға, сақина, жүзіктің түрлері, шашбау, өңіржиек, бойтұмар т.б.) витриналарға қойылған. Сонымен бірге ұлттық музыкалық аспаптар, (қобыз, домбыра, дауылпаз т.б.) ұлттық киімдердің түрлері,  ат әбзелдері орын алған.

 

Фото галерея