Қызылорда облысы Екінші дүниежүзілік соғысы жылдарында залы

       Облыстық тарихи-өлкетану музейінің Қызылорда облысы Екінші Дүниежүзілік соғысы жылдарында залы фашистік Германияның 1941 жылы біздің елімізге тұтқиылдан шабуыл жасауы туралы диарамамен басталады. Экспозицияда Мәскеу, Ленинград, Сталинград түбіндегі шайқастарға қатысқан алғашқы ерікті жауынгерлердің фото-суреттерімен архивтік құжаттары және мемлекеттік наградалары орын алған. Келесі витриналарда, Ақтөбе қаласында жасақталған 101-дербес атқыштар бригадасы, Соғыс жылдарында - Ұлы Отан соғысының даңқты тарихының беттеріне жазылған Қызылордалықтардың ерлігі туралы құжаттар мен фото-суреттері, Ұлы Отан соғысының ең қанды қырғын болған жері Ржев түбіндегі шайқасқа қатысушылар, Соғыс жылдарында жау тылында жасақталған  партизан отрядының жауынгерлері, Еуропаны азат етушілер, Тыл ардагерлерінің еңбектері, 1945 жылдың 16 сәуірінде  Берлин қаласын азат етушілер туралы фото-суреттер мен архивтік құжаттар берілген. Келесі витринада (1979–1989 ж.ж.) Ауған соғысына қатысушылар және 1986 жылы Украинадағы Чернобыль атом электр станциясы туралы, КСРО ядролық сынақ полигондарының бірі Семей полигоны туралы  фотосуреттер мен архивтік құжаттар орын алған.

 

 

 

 

Фото галерея