Сыр өлкесінде Кеңес өкіметінің орнауы залы

1917 жылғы І және ІІ жалпықазақ съездері, Алаш партиясының және Алашорда үкіметінің құрылуы, ХХ ғасырдың басындағы қазақ қоғамында ғұмыр кешкен қоғам қайраткерлері, олардың ұлт болашағы үшін атқарған жан-жақты қызметтерін, қоғамдық-саяси, құқықтық көзқарастарын айғақтайтын, 1921 жылы 8-16 наурызда өткен КАКСР-ның Х съезі жайлы материалдар орын алды. Қоғамның осындай ізгілікті даму бағытын армандаған зиялы азаматтар – Мұстафа Шоқай, Ә.Бөкейханов, Х.Ғаббасов, А.Байтұрсынов және т.б. жайлы материалдар орын алады.

            Қазалы ауданында дүниеге келген Ғани Мұратбаев комсомол ұйымдарына жастарды кеңінен тартуға көңіл бөліп, БЛКЖО Орталық Комитетінің барлық комсомол ұйымдарына, бүкіл жастар одағының мүшелеріне арналған үндеуінде Ғанидің шығыс жастарына және еңбекші бұқараға белгілі екені айтылған.

 

Фото галерея