














Б.з.д. ІІІ – б.з. ҮІІ ғ.ғ. өмір сүрген ірі тайпалық бірлестіктердің бірі – қаңлылар. Темір дәуіріндегі мемлекеттік дәрежеге дейін көтерілген қаңлы тайпаларының ескерткіштері Қазақстанның көптеген аймақтарынан табылып отыр. Қазақстан жерінде қаңлы ескерткіштеріне жүргізілген зерттеу жұмыстарынан алынған материалдар үш мәдениетке бөлінген. 1) Қауыншы 2) Жетіасар 3) Отырар-Қаратау мәдениеттері.
Жетіасар мәдениетіне Сырдарияның төменгі ағысындағы және Арал бойындағы қаңлы тайпаларының ескерткіштері жатады. Оған: Алтынасар, Томпақасар, Бидайықасар, Үңгірліасар және т.б. асарлар жатады. Жетіасар мәдениетінің өзіне тән бір ерекшелігі тұрақты мекенжай сауда құрылыс жүйелерінің күрделі әрі сапалы салынуы. Екінші бір өзгешелік керамикаларындағы жергілікті айырмашылықтар. Асарлардан табылған керамикалық флягалар, құмыралар музей экспозицияна қойылған. Флягалардың ішінде сұйық тағамдарын, шараптарын сақтаған. Бұл ыдыстың ішінде тұрған тағамдар бірқалыпты температурамен біршама уақытқа дейін сақталатын болған.