Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейі филиалы

Қазалы аудандық тарихи - өлкетану музейі  2014 жылдың қыркүйек айынан бастап іске қосылды. Аудандық бюджеттен бөлінген 16853,0 мың теңгеге музей  көрме залының ішкі экспозиция жұмыстары жасалды.

2015 жылдың  22 қаңтар күні аудандық қаржы басқармасының № 33 бұйрығымен «Қазалы аудандық Ғани Мұратбаев мемориалдық музейі» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан 4015 құнды жәдігерлерді өз теңгерімімізге  алдық. Ал қазіргі таңда музей қорында 4540 -қа жуық экспонат бар.

 Музейдің  мақсаты - өлке  тарихын,  табиғатын,  экономикасын,  археологиясын,  архитектуралық  ескерткіштерін, этнографиясын, тарихи  деректер (ақын – жыраулар,  ұсталар,  бақсы – балгерлер  т.б.),  естеліктер  мен   ескерткіштерін   іздестіру, тарихи  маңызы  бар  құнды  жәдігерлерді  жинау,  зерттеу  оларды  қорда  сақтау.

Музейдің  міндеті – музей  қорындағы  экспонаттар  мен  фото құжаттардан  музей  экспозициясын  жасақтау,  өлке  тарихын, археологиясын,  архитектуралық  ескерткіштерін, этнографиясын  халық  назарына  ұсыну  оларды  насихаттау.  Халықпен етене араласып жұмыс жасау, халық үшін қызмет ету.

Музей  залдары  145,9 кв. шаршы  метрді  алып  жатқан  3  залға  орналасқан

Этнография залы.Табиғат  бөлімінде  ауданның  жер  бедері,  ауа - райы,  емдік  қасиеті  бар  шөптесін  өсімдіктер  мен  жануарлар  дүниесі  жөнінде  баяндалады.  Этнография  залында  қазақтың  киіз  үйі, ұлттық  киімдер,  шеберлердің  қолынан  шыққан  ер—тұрмандар,  зергерлік  бұйымдар,  ат  әбзелдері,  қару – жарақтар,  ағаш  ыдыстар  мен  мал  терісінен  жасалған  бұйымдар  қойылған.  Сонымен  қатар  билік еткен қазақ хандары, билері , батырлары экспозиция  орналасқан.

 

Тұлғалар залы.  Аудан  тарихының  құрылуынан бастап, елді басқарған  басшылардың және әр салада қызмет атқарған тұлғалардың  фото-суреттері,  құжаттары  қойылған. Сонымен  қатар , мемлекет  қайраткерлері,  ақын – жазушыларымыз ,   Ұлы  Отан  соғысы  мен ауған  соғысының  ардагерлері  мен  еңбек  ерлері,  қуғын – сүргін  құрбандары  туралы  мұралар  өлкемізді  тануға  негізделген.

Тәуелсіздік  залы.  Қазақстан  Республикасының  мемлекеттік    рәміздері,  ірі  тарихи  маңызы  бар  оқиға – Ата  заңымыздың  т.б.  құжаттардың  қабылдануы,  Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жолдаулары,  сондай – ақ,  Республикалық «100 аурухана, 100 мектеп» бағдарламасы бойынша ауданда тұрғызылған мектептер мен медециналық бекеттер, және де тәуелсіздік жылдарынан бергі өз өнімдерін халыққа ұсынып отырған кәсіпкерлердің жеткен жетістіктері, өңдірген өнімдері   музей  экспозициясында  орын  алған.

 

Әлішев Сәкен Әлмәмбетұлы Қазалы ауданында 1962 жылы 19 наурызда дүниеге келген. Қ.Сәтбаев атындағы №216 мектепте білім алған.

 Жамбыл гидромелиоративтік  құрылыс институтының Қызылорда филиалының құрылыс саласы мамандығын, Қорқыт ата атындағы институттың «валеология» факультетін бітірген. Қызмет бабына сәйкес Қызылорда қаласындағы  Болашақ  университетінің «Тарих» мамандығын меңгерген.

                                       

Қызмет жолдары:

1984-1994 жылдары өзінің алғашқы мамандығы бойынша ауылшарушылығы саласында қызмет жасаған.

1994-1995 жылдары Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Төрағасы орынбасарының бұйрығымен Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің депутаты Ұзақбай Қарамановтың Қазалы ауданындағы көмекшісі болып тағайындалып, мемлекеттік-қоғамдық саяси қызметтерді атқарған.

1996-1997 жылдары жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі мемлекеттік балық қорғау инспекциясының бас маманы және аға инспекторы болып қызмет атқарған.

1998 жылы жануарлар дүниесін қорғау және пайдалану , күзету мемлекеттік облыстық бақылау инспекциясының бас маманы болып тағайындалған.

1998-2000 жылдары облыстық орман , балық, аң шаруашылығы басқармасының жедел қорғау бөлімінің Қазалы ауданы бойынша жетекші маманы қызметін атқарды.

2001 жылдан бастап Ы.Алтынсарин атындағы №204 мектепке «валеология» пәнінің оқытушысы болып қызметке орналасқан.

2005 жылдың 1 сәуірінен бастап мектеп директорының бейінді оқыту жөніндегі орынбасары қызметіне бекітіліп, үйден оқытылатын оқушылармен белсенді жұмыс жасаған.

2007 жылы облыстық балалардың құқын қорғау департаментінің бұйрығымен қоғамдық негіздегі аудандық көмекшісі болып бекітілген.

2008 жылы педагог ұйымдастырушы болып қызмет атқарса 2011 жылдан бастап әлеуметтік педагог қызметіне ауыстырылған.

2012 жылы Нұр отан партиясының көлік бастауыш партия ұйымының қоғамдық қабылдау жүргізушісі.

2014 жылы Қазалы аудандық тарихи-өлкетану музейінің директоры болып тағайындалып, қызмет жасап келеді.

  Атқарған еңбектері еленіп, аудан әкімшілігінің және аудандық білім бөлімінің, сомен қатар мектеп әкімшілігінің алғыс хаттарымен және мақтау қағаздарымен марапатталған. Атап айтар болсақ:

 

                                Марапаттары:

2007 жылы Нұр Отан халықтық демократиялық партиясы Қазалы аудандық филиалының мақтау қағаздарымен марапатталған;

2008 жылы аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталған;

2009 жылы облыстық балалардың құқын қорғау департаментінің алғыс хатымен марапатталған;

2009 жылы СПИД-тің алдын алу және оған қарсы күрес жөніндегі облыстық орталықтың алғыс хатымен марапатталған;

2009 жылы аудандық әйелдер кеңесі қоғамдық бірлестігінің құрмет гарамотасын иеленген;

2010 жылы «Шапағат» мүгедек балаларды сауықтандыру орталығының алғыс хатын имденген;

2010 жылы Қазалы аудандық білім бөлімінің құрмет гармотасын иеленген;

2010 жылы аудан әкімінің алғыс хатын иеленген;

2010 жылы Нұр Отан халықтық демократиялық партиясының облыстық филиалының Құрмет грамотасымен марапатталған;

2010 жылы қазақ тілі қоғамының алғыс хатын иеленген;

2010 жылы мүгедектер қоғамының алғыс хатын иеленген;

2010 жылы облыстық балалардың құқын қорғау департаментінің құрмет грамотасымен марапатталған;

2011 жылы аудандық ішкі істер бөлімінің мақтау грамотасымен марапатталған;

2011 жылы «Шапағат» балаларды сауықтандыру орталығының алғыс хатын иеленген;

2011 жылы Қазақ тілі қоғамының президенті  Өмірзақ Айтбайұлының Құрмет грамотасымен марапатталған;

2011 жылы мүгедектер қоғамының құрмет грамотасын иеленген;

2011 жылы «Шапағат» балаларды сауықтандыру орталығының ұйымдастыруымен өткен шарада  Петро Қазақстан құмкөл ресорсиз АҚ-ның Құмкөлге 25 жыл толуына орай «мерекелік төсбелгісімен» марапатталған;

2012 жылы Республикалық «Абай аманаты» төсбелгісін иеленген;

2014 жылы Қорқыт ата атындағы университтетің 75 жылдық мерейтойында қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін мерекелік төсбелгімен марапатталған;

2018 жылы 1-желтоқсан Елбасы күніне орай аудан әкімі М.Ергешбаевтың Алғыс хатымен марапатталған;

2019 жылы Республикалық «Ұстаз жолы» қоғамдық қорының көп жылдан бергі мәденеиет саласында атқарған жемісті еңбегі үшін, қоғамдық жұмыстарға белсене араласқаны үшін және Елеулі еңбегі үшін «Мәдениет медалімен» марапатталған;

Фото галерея