Тәуелсіз Қазақстан залы

Тәуелсіз Қазақстан залының экспозициясы 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы жайлы материалдардан басталады. Республика-ның егемендік алуы мен тәуелсіздікке қол жеткізуі секілді күрделі процесті көрсетуге арналған. Хронологиялық тұрғыдан ол 80 жылдардың ортасы мен тәуелсіздік жариялаған жылдардан бүгінгі күнге дейінгі кезеңді қамтиды.

image078.jpg

            Тәуелсіз мемлекеттің дербес нышандары, ұлттық валютамыз–теңгелердің үлгілері, Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізгеннен кейін астананың Алматыдан Ақмолаға көшірілуі, Қазақ­стан Республика-сының Біріккен Ұлттар Ұйымына толық­қан­ды мүшелігі, Қазақ-станның ЕҚЫҰ-ға төрағалық етуі, 1992 жылғы Қазақтардың І Дүниежүзілік құрылтайы, Қазақстан халқы Ассамблеясы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен құрылуының, Қазақстан Республикасының жан-жақты және үйлесімді дамуы үшін азаматтар-дың отансүйгіштігі мен жауапкершілігін тәрбиелеу жолында «Нұр Отан» партиясының қызметі, Шекарамызды берік ұстап, ел аманшылығын сақтап отырған облысымыздағы шекара қызметі, Қызылорда облысындағы өнеркәсіп өнімдері, «Батыс Еуропа- Батыс Қытай» автожолы, Облыс экономикасының негізгі саласы-ауыл шаруашылығы жайлы материалдар, ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы және Байқоңыр алаңы туралы материалдар  қойылған.

      Залда қойылған экспонаттар – тарихи құжаттар, мұрағат материалдары, фотокөшірмелер, материалдық және рухани мәдениет бұйымдары келушілердің еліміздің егемендігінің қалыптасуындағы негізгі кезеңдер – саяси және әлеуметтік реформалармен, Қазақстанның әлемдік қоғамдастыққа ықпалдасуымен, экономикалық және мәдени қайта құрулармен танысуына мүмкіндік береді.

Фото галерея