Археология залы

Сыр өңірі тарихи-мәдени ескерткіштерге өте бай. Қазіргі уақытта 500-ден астам тарихи ескерткіш мемлекет тізіміне алынған. Олардың көбісі археологиялық ескерткіш кешендер. Атап айтқанда неолит, кейінгі қола, ерте темір дәуірі және  ортағасырлармен мерзім-деледі. Сондықтан Сыр өңірін дала өркениетінің түпнегізі деп айтуға болады. Қызылорда облысының тарихи-өлкетану музейінің экспози-циясында жоғарыда аталған дәуірлердегі археологиялық ескерткіш кешендер, орналастырылған. Экспозиция 4 дәуірді қамтиды.

image030.jpg

  1. Неолит, энеолит дәуірі(б.з.д. ІҮ-ІІІ мж).  Солтүстік Арал маңы ескерткіштер Сексеуіл І, ІІ тұрақтары, Құмсай, Көнту, Жалғыз ағым тұрақтары қамтылған.
  2. 2Кейінгі қола дәуірі (б.з.д. ІХ-ҮІІІ ғғ.). Бұл дәуірге жататын ескерткіштер Солтүстік Түгіскен, Бағаналы, Тапа қорымдары  қамтылған.
  3. Ерте темір дәуірі(б.з.д. ҮІІ-ҮІ ғғ.). Бұл кезеңмен мерзімделетін ескерткіштер Оңтүстік Түгіскен, Ұйғарақ қорымдары туралы мәлімет беріледі.

Сақ өркениеті тақырыбында біздің заманымызға дейінгі                 ІҮ-ІІ ғғ. қамтитын Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан Шірік-рабат, Баланды қалашықтары туралы мәліметтер қамтылған.

Жетіасар мәдениеті тақырыбында б.з.д. І мыңжылдықтың аяғы  б.з. І мыңжылдығында өмір сүрген Жетіасар археологиялық ескерткіш кешеніндегі (Алтынасар, Бидайық асар, Қосасар) нысандар жайлы мәліметтер берілген.

  1. Ортағасырлар(Ү-ХІХ ғғ.) Ортағасырлармен мерзімделетін архео-логиялық ескерткіш кешендер Жанкент, Сығанақ, Жент, Асанас, Күйік кескен, Кердері т.б. сонымен бірге Сырдарияның төменгі ағысында орналасқан архитектуралық кешендер:  Сырлытам, Бегім ана, Ақтас мешіті, Қалжан ахун мешіт медресесі т.б. қамтылған.

            Сонымен қатар археологиялық ескерткіш кешендерден табылған шаруашылыққа пайдаланылған өте құнды экспонаттар (керамикалық ыдыстар, әшекей бұйымдар) орналастырылады. Сыр өңіріне ұйымдастырылған археологиялық ғылыми-зерттеу экспедициялары-нан көріністер (П.И.Лерх, А.Н.Бернштам, С.П.Толстов (ХАЭЭ), "Мәдени мұра" бағдарламасы бойынша жүргізілген экспедициялар т.б. ) орын алған.

Фото галерея