#Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік музейі
#Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі
#Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы
Қазақстан Республикасы мәдениет және спорт министрлігінің қолдауымен ғылыми-зерттеу және мәдени-білім жұмыстары бойынша музей қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жолдарын жүйелеу және дамыту мақсатында ҚР Орталық музейінде ұйымдастырылған республикалық ғылыми-әдістемелік семинар-тренинг аясында «Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі» директоры Көзейбаев Сапар Алиясқарұлы мен «Қазақстан Республикасының орталық мемлекеттік музейі» директоры Харипова Рашида Ерімқызы музей ісі және тәжірибе алмасу саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.