Жыр-дастан - қазақ поэзиясының жанрлық түрі, түпкі негізгі мағынасында өлеңмен баяндалатын, жырлап айтатын уақиғалы, көлемді поэзиялық шығарма (батырлық жыры, эпостық ғашықтық жырлар). Сонымен қатар, стильдік ерекшеліктері, өлең өрнегі жағынан оларға ұқсас толғау, терме секілді көлемі ықшамдау поэзиялық үлгілер де жыр деп аталған.
Экспедиция барысында Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы, Жаңаталап ауылының тұрғыны Дакуова Марита қайынатасы Ғаниев Матай ақсақал көзі тірісінде жиі тыңдаған «Қобланды», «Антология» күй табақтарын құрметпен музей қорына тапсырды.