Үстіміздегі жылдың 18 наурыз күні сағат 10.00-де Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне орай «Кенеп бетіндегі ұлт дәстүрі» атты көрменің ашылуы болып өтті.

Көрменің мақсаты – мереке қарсаңында жасалған картиналар көрмесі Наурыз тойының табиғатын, шығу төркінін, мазмұны мен мәнін, халықтың мәдени-рухани өміріндегі орнын баяндап, қазақ халқының салт-дәстүрі, әдет-ғұрпын қауымға насихаттау.

 

275992373_1484192095311643_6137528584689902049_n.jpg

 

275992682_1484192078644978_7793280894478442738_n.jpg

Жаңалықтар

Фото галерея