Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі этнографиялық зерттеулер нәтижесінде ұмыт қалған тазалық бұйымы - шашқапты қайта жаңғыртты. Жастарды жәдігерлер арқылы тәрбиелеу, өткен тарихына деген қадір-құрметті жәдігерлер көмегімен қалыптастыру, бойларында ұлтжандылықты ояту мақсатында этнографиялық жәдігерлер музей қорынан шығып, халық назарына ұсынылуда.
Шашқап дегеніміз не? Кімдер пайдаланған? Негізгі қызметі қандай? Бірге білейік!