Қобыз бітеу ағаштан ойып жасалады немесе мойны бөлек, шанағы бөлек жасалып құрастырылады. Шанақтың жоғарғы жағы жарты шар түрінде, төменгі жағы сүйірленіп ойылады.

Қобыз бетіне керілетін теріге түйе, сиыр және әр түрлі жабайы аң терілері пайдаланылады.

Қобыздың ішіндегі ең үлкен түрі – Нарқобыз. Пішіні екі есе үлкен болып келеді және адамның отырған бойымен шамалас, ұзындығы шамамен 1 метр болады. Нарқобыз жорыққа шыққанда қолданылған аспап. Жауға ат қояр кезде нарқобыз сарыны естілген. Ол батырларға күш жігер беріп, ерлік істерге рухтандырып отырған.

Жаңалықтар

Фото галерея