«Археология және этнография» ғылыми-зерттеу бөлімінің ғылыми қызметкері Гүлжанар Оразалиева Түркістан облысында өткен республикалық конференцияға қатысты.2023 жылдың 27 қазанында ҚР Мәдениет және спорт министрлігіне қарасты Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығы ұйымдастырған «Ұлы Жібек жолы бойындағы тарихи-мәдени орындардың туристік әлеуеті және болашақ мүмкіндіктері» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда музей қызметкері Г.Оразалиева «Сыр өңіріндегі ислам сәулет ескерткіштері» тақырыбында баяндама оқып, Сыр еліндегі тарихи-танымдық туризмнің әлеуетін көрсетіп, Қазақстанның жалпы ұлттық және өңірлік қасиетті нысандар тізіміне енген ескерткіштермен таныстырды.
