Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қызылорда облысының құрылғанына 85 жыл толуына орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында сақталған құнды жәдігерлерден ұйымдастырылған «Сыр өңірі – Түркі өркениетінің алтын бесігі» атты көрменің ашылу салтанаты өтті.
Көрмені Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Ілияс Сейтжан Рысбекұлы ашып, қазақ тарихында өзіндік үлкен рөл атқаратын Сыр өңірінің терең тарихы жайлы, сондай-ақшандоз тарихтың куәсі - музей экспонаттарының құндылығы, келер ұрпаққа берер өнегесі туралы сыр тарқатты.
Одан соң, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Сайлау Асхат сөз сөйлеп екі мекеме арасындағы мәдени ынтымақтастық пен байланыс ретіндегі аталмыш көрме Жамбыл облысы мен Сыр жұртшылығы үшін тың серпіліс, рухани нәр, тарихи байланыс болып қалыптасатындығын жеткізіп, естелік сый тарту етті.