С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында Алаш ардақтысы, күллі түркі әлемінің даңқты тұлғасы, саяси қайраткер Мұстафа Шоқайға арналған тарихи-танымдық жылжымалы көрмесі болып өтті.
Шараны Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Айекешов Жігер Оңдасынұлы ашты. Шараға профессор, саяси ғылымдар докторы, мемлекет және қоғам қайраткері Әбдіжәлел Бәкір және Астана қаласындағы №51 мектеп-гимназиясының директоры Джумартова Данара Мейранбекқызы қатысып, сөз сөйледі.
Көрмеге Мұстафа Шоқай мен жұбайы Мария Шоқайдың отбасылық суреттері, жазбалары, Мария Шоқайға жазылған хаттары, сия салатын сауыт және қауырсын қаламы, Мұстафа Шоқайдың өзі пайдаланған портативті машинкасы және мөрлері сынды 50-ге жуық экспонат қойылды.