2023 жылдың 13-15 маусым күндері Сапар Алиасқарұлының бастамасымен Алматы қаласына арнайы іс-сапар ұйымдастырылды. Іс-сапар барысында музей қызметкерлері Қазақстан Республикасы Ғылым академиясына қарасты іргелі ғылыми-зерттеу институттары мен музейлерінде болып, алдағы уақытта бірлесе атқарылатын жұмыстар жоспарланды.

АРХЕОЛОГИЯЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БАҒЫТЫ БОЙЫНШАСыр бойының археологиялық мұрасын яғни ежелгі Шірік-рабат, Бәбіш мола, Баланды, ортағасырлық Жанкент, Сығанақ қалашықтарынан табылған жәдігерлерді жинақтау, зерттеу, насихаттау бойынша Ә.Х.Марғұлан атындағы Археология институтымен бірлесе атқарылатын жұмыстар талқыланды. Осы жұмыстарды алдағы уақытта жүзеге асыру мақсатында музей басшысы Сапар Алиасқарұлы КӨЗЕЙБАЕВ пен институт директоры Оңғар АҚАН арасында арнайы меморандумға қол қойылды.

ФОЛЬКЛОРЛЫҚ ЗЕРТТЕУЛЕР БАҒЫТЫ БОЙЫНША

Сыр бойының фольклорын зерттеу және насихаттау мақсатында музей қызметкерлері М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институтындағы Сыр бойына қатысты мұраларымен танысып, алдағы уақытта музей директоры Сапар КӨЗЕЙБАЕВ пен институт басшысы Кенжехан МАТЫЖАНОВ арасындағы арнайы келісімі арқылы өткен ғасырдың 20 жылдары белгілі этнограф-ғалым Ә.Диваевтың жетекшілігімен ұйымдастырылған Сырдария экспедициясының құнды материалдарының көшірмесін облыстық музей қорына жинақтау жұмыстары жүзеге асырылатын болды.

БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІ БАҒЫТЫ БОЙЫНША

Белгілі график-суретші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері С.Айтбаевтың туғанына 85 жыл толуына орай өнер иесінің туындыларының көшірмелерімен галерея қорын толықтыру мақсатында Ә.Қастеев атындағы мемлекеттік өнер музейі мен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейлерінің басшылары Гүлайым ЖҰМАБЕКОВА мен Сапар КӨЗЕЙБАЕВ арасында кездесу ұйымдастырылып, алдағы уақытта атқарылатын жұмыстар жоспарланды.

июнь14 (2).jpg

июнь14 (3).jpg

Жаңалықтар

Фото галерея