Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында ҚР Қолөнершілер одағының мүшелері Роза Алибатирова мен Марияш Әлжанованың «Өрнекпен өрілген өмір» атты шығармашылық көрмесінің ашылу салтанаты өтті.
Көрменің ашылуында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі директорының орынбасары Жанар Ахметова сөз сөйлеп, қолөнер шеберлеріне облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекованың арнайы құттықтауын жеткізді. Сонымен қатар, Қазақстан Қолөнершілер одағының Қызылорда облыстық филиалы төрағасы, Суретшілер, Қолөнершілер одағының мүшесі, Жақыпов Бекзат Әнісұлы көрменің ашылуымен құттықтап, шығармашылық жетістіктер тіледі.