С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай «Ғажайып әлем» атты оқушылар арасында сурет салу байқауы өтті. Байқауға барлығы 15 бала қатысты.

​Шараның мақсаты: Қызылорда қаласы мектеп оқушылары арасында дарынды, өнерлі талапкерлерді анықтау. Оқушылардың интеллектуалды шығармашылығының дамуына жағдай жасау, талантты оқушылардың жұмыстарын және жетістіктерін қоғамға танымал ету. Дарынды балаларды анықтау және қолдау, олардың танымдық қызығушылықтарға ынталандыру. Ұстаздар мен шәкірттердің және барлық сала мамандарының мерейінің биік болуына үлес қосу. Өнерге құштарлықтарын, эстетикалық талғамдарын, ұқыптылыққа, еңбексүйгіштікке баулу.

Июнь1 (1).jpg

Июнь1 (2).jpg

 

Жаңалықтар

Фото галерея