31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу және мемлекет қайраткері Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің туғанына 155 жыл толуына орай Өлке тарихы бөлімі мен Ақмешіт филиалының қызметкерлері бірлесе «Азаттық қозғалысының жалаугері» атты дөңгелек үстел ұйымдастырды. Шараға саясаткер, өлкетанушы, журналист, аудармашы Сағат ЖҮСІП, Өлкетанушы, Қазақстан журналистер одағының және Халықаралық жазушылар одағының мүшесі Жұмабай ӘУБӘКІР, Ә.Тәжібаев атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының директоры Нұрлыбек МЫҢЖАС, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің оқытушысы, PhD доктор Дәулет ОМАРОВ, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар КӨЗЕЙБАЕВ және ақпараттық қолдау мақсатында жергілікті БАҚ өкілдері қатысты. Дөңгелек үстелге қатысушылар Серәлі Мұңайтпасұлы Лапиннің қайраткерлігі туралы тың деректермен бөлісті. Сонымен бірге алдағы уақытта Лапин мұрасын зерттеу, насихаттау жұмыстарын жүзеге асыру бағытында бірқатар ұсыныстар берілді.
