Әбіш Кекілбайұлы атындағы Маңғыстау облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорындағы зергерлік бұйымдар коллекциясынан «СЫР ӨҢІРІНІҢ ЗЕРГЕРЛІК ӨНЕРІ» тақырыбында этнографиялық көрме ұйымдастырылды.

Ү.ж. 25 мамырында Маңғыстау облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Төлеуғалиева Гүлзайда Бектұрқызы, белгілі өлкетанушы, Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі Отыншы Көшбайұлы, елге белгілі қолөнер шебері, ақтаулық зергер Сағидолла Оразов пен музей қонақтарының қатысуымен көрменің ашылу рәсімі өтті. Гүлзайда Бектұрқызы көрме жұмысына сәттілік тілесе, Отыншы Көшбайұлы Маңғыстау облыстық музейі атынан Қызылорда облыстық музейіне Ә.Кекілбайұлының 12 томдық жинағын сыйға тартты.

25май (3).jpg

25май (2).jpg

Жаңалықтар

Фото галерея