9 мамыр – Ұлы Жеңістің 78 жылдығына орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Кеңес Одағының Батыры Ә.Молдағұлованың Ақтөбе облыстық мемориалды музейі қорынан «Ақтөбелік ұлт мақтаныштары» атты жылжымалы көрмесі ашылды. Көрмені Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Көзейбаев Сапар Алиясқарұлы ашып, Кеңес Одағының Батыры Әлия Молдағұлованың Ақтөбе облыстық тарихи-өлкетану музейі ұжымына алғыс білдірді. Көрмеде қазақтың қайсар қызы Әлия Молдағұлованың өмірі мен ерлік жолы көрсетілген құнды материалдар, әскери киімдер, соғыс кезеңінде пайдаланған қару түрлері және т.б қойылды.

9май (3).jpg

9май (2).jpg

Жаңалықтар

Фото галерея