2023 жылдың 4 мамырында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры С.Көзейбаев, Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті жанындағы «Археология және этнография» ҒЗО жетекшісі, PhD доктор, археолог-ғалым Ә.Тәжекеев, Ресей Ғылым Академиясы, Миклухо-Маклай атындағы антропология және этнология институтының қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты И.Аржанцева, Германиядағы Тюбинген университетінің профессоры, доктор Г.Харкемен әріптестік бағыттағы кездесу өтті. Кездесу барысында музей қорындағы ортағасырлық Жанкент қалашығынан (ҮІІ - ХІ ғғ.) табылған археологиялық бұйымдарды шетелдік мамандардың тәжірибесіне сүйену арқылы қайта жаңғырту және алдағы уақытта ғылыми мақсатта бірлесе атқаратын жұмыстар жоспарланды.

4май (2).jpg

Жаңалықтар

Фото галерея