С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында 7 мамыр-Отан қорғаушылар күніне арналған «Тәуелсіз елдің ұланымын» атты қала мектептері оқушыларының арасында сурет салу байқауы ұйымдастырылды.
Байқаудың мақсаты – талантты жастардың шығармашылық қабілетін шыңдап, өз белсенділігін көрсетуге мүмкіндік беру. Дарынды жастарды анықтау және өскелең ұрпақты отан сүйгіштікке тәрбиелеу.Оқушылардың жұмыстарын Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі, Қызылорда облыстық Суретшілер одағының филиалының төрағасы Т.Н.Сағымбаев және С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының суретшісі Б.Ж.Назаров бағалады.Байқауға 18 оқушы қатысып, барлығы 18 жұмыс ұсынылды.