Астана қаласының Бірлескен музейлер дирекциясы мкқк «АЛЖИР» музейінде Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі мен «АЛЖИР» музейінің бірлесуімен көрнекті мемлекет қайраткері Темірбек Жүргеновтің 125 жылдығына орай «Қазақ руханиятының жарық жұлдызы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Шара «АЛЖИР» мемориалды-музей кешеніндегі ескерткіш тақтаға гүл шоқтарын қою рәсімінен бастау алды.
Дөңгелек үстел отырысына Қазақстан журналистер Одағының мүшесі, қоғам қайраткері Т.Жүргенов «Қоғамдық қорының» төрағасы Сәби Аңсат, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев, Саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау жөніндегі Қызылорда өңірлік комиссия мүшесі, «Қоғамдық келісім» КММ директорының орынбасары, Философия докторы (Phd) Дәулет Омаров, ардагер ұстаз, Темірбек Жүргеновтің қарындасы Марита Қуанова, Т.Жүргеновтің келіні Гүлбарам Искакова және БАҚ өкілдері қатысты.