Облыстық музей мен Қ.Мұхамеджанов атындағы мектеп-гимназия Қызылорда облыстық оқу орталығының басшылығымен Ұлы қолбасшы Бейбарыс Сұлтанның 800 жылдық мерейтойына орай 2023 жылдың 12 сәуірінде музей базасында «БЕЙБАРЫС — ҚЫПШАҚ ДАЛАСЫНЫҢ ҚЫРАНЫ» облыстық тарихи-танымдық конференция ұйымдастырды.

Конференцияға Қорқыт ата атындағы ҚУ қауымдастырылған профессоры, т. ғ. д. Т.СӘТБАЙ, Қызылорда Ашық университетінің аға оқытушысы, т. ғ. к. А.ЕҢСЕПОВ, С. Толыбеков атындағы №3 мектеп-лицейінің тарих пәні мұғалімі А.ЕСІМОВ және педагогтар, музейдің ғылыми қызметкерлері, оқушылар қатысты. Қ.Мұхамеджанов атындағы №1 мектеп-гимназия директоры Қ.ИЗАТУЛЛАЕВТЫҢ модераторлығымен конференция жоғары деңгейде өтті.

13 апрель в330314942_954254409065359_6564094445690466893_n.jpg

13 апрель в340970578_149388801153856_1564296722733447859_n.jpg

Жаңалықтар

Фото галерея