Ұлыстың ұлы күнінде шырайлы Шымкент қаласында ұйымдастырылған республикалық этнофестивальде Қызылорда облысы ақбоз үй құрып, Сыр өңірінің тарихы, мәдениеті және өнерінен, облыста өндірілетін тауарлардан толық мәлімет беретін экспозициялық композицияны Шымкент жұртшылығы мен қала қонақтарының назарына ұсынды. Сондай-ақ ,аталмыш шара барысында Сыр сүлейлерінің дәстүр сабақтастығын жалғаған жырау Серік Жақсығұлов, дәстүрлі әнші Ақмарал Ноғайбаевалар өңіріміздің бай мәдениетін, шежіре-тарихын өнегелі жырмен жеткізді.

Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі этнофестивальдегі «Үздік киіз үй» номинациясына ие болды.

22 март в337260324_749585066756087_4969859206690925671_n.jpg

22 март в337267819_195371976572274_1649720572208978436_n.jpg

Жаңалықтар

Фото галерея