Үстіміздегі жылдың 21 наурыз күні 22 наурыз – Ұлыстың Ұлы күні мерекесіне орай Қызылорда қаласының орталық алаңында облыстық музей қорында жинақталған Қызылорда облысының 85 жылдық тарихындағы әлеуметтік экономикалық жетістіктерін баяндайтын жылжымалы көрме ұйымдастырылды.Аталмыш көрмеге облыстың ауыл шаруашылығының дамуы, облыстың мұнай – газ саласы, Байқоңыр ғарыш айлағының тарихы, Қорқыт мұрасының тарихы мен маңыздылығын баяндайтын экспонаттар қойылды.
