Үстіміздегі жылдың 26 жұлдызында Жаңақорған аудандық тарихи-өлкетану музейінің жаңарған экспозициясының ашылуы болып өтті. Аталмыш шараға аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы Тілеуімбетов, кент әкімі Асқар Ибрагимов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, аудандық мәслихат депутаты Әлібек Нәлібаев, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің директоры Сапар Көзейбаев, аудандық «Жаңақорған тынысы» газетінің редакторы Баян Үсейінова,сондай-ақ ауданның ардагерлері мен құрметті азаматтары, кәсіпкерлер мен облыстық музейдің аудандық филиалдарының меңгерушілері мен қызметкерлері қатысты.
Шараны аудан әкімі Мұрат Жолкелдіұлы ашып, музей ұжымына өркендеу мен орасан жетістік тіледі.