Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы, Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен Қазақстан Суретшілер және Қолөнершілер одағының мүшесі, суретші, зергер, ұста, Бекзат Жақыповтың «Құсқанат ғұмыр» атты көрменің ашылуы өтті.

Мақсаты – ұлттық қолөнерді дамыту, қолөнер шеберлеріне қолдау көрсету, ұлттық салт дәстүріміздегі кейбір ұмытыла бастаған рухани ұғымдарды халық арасында кеңінен насихаттау. Бабадан қалған қолөнерді ұрпақ санасына сіңіріп, жаңғырту жұмыстарын келешек ұрпаққа кәсіп ретінде дамыту.

Көрмеге Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасы басшысының орынбасары Жанұзақов Қуаныш Қуантқанұлы, Қызылорда облысы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Елеусінова Гауһар Ыбырайқызы, Түркістан облысынан келген қолөнер шеберлері Әділбекова Фаридаш, Алиева Насипа, және Қазақстан Қолөнершілер және суретшілер одағының мүшелері, туыстары, студенттер және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.

14  (1).jpg

14  (2).jpg

Жаңалықтар

Фото галерея