Отырар мемлекеттік археологиялық музей-қорығының Сапар орталығында 9-10 желтоқсанда “Археологиялық ескерткіштерді зерттеу, сақтау және қайта жаңғырту мәселелері” тақырыбындағы конференция ұйымдастырылуда.

Халықаралық конференцияда ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Мәдениет комитеті төрағасының орынбасары КҮМІС СЕЙІТОВА, археолог-ғалым МАДИЯР ЕЛЕУОВ, т.ғ.д., профессор БҮРКІТБАЙ АЯҒАН, МҰХТАР ҚОЖА, ЖАКЕН ТАЙМАҒАМБЕТОВ және Қырғызстан Республикасынан этнограф АЙДАЙ АСАНГУЛОВА, Ресей мемлекетінің Омбы қаласынан ҚР және РФ еңбек сіңірген қайраткері АЛТЫНАЙ ЖҮНІСОВА сөз сөйледі.

Сонымен қатар, Түркия мемлекетінің ғалымдары - АЧЕЛИЯ ОГУЗ, ФАТМА ШЕНОЛ, АХМЕД ШАНШАР, ЗЕЙНЕП ЙЫЛМАЗ т.б.онлайн форматта археология және мәдени құндылықтар тақырыптарында баяндама жасады.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің “Археология және этнография” бөлімінің ғылыми қызметкері ҰЛПАН ШАҒАН “Қоссаз домбыра-Сыр өңірінің археологиялық жәдігері” тақырыбында баяндама оқыды. Баяндамада “баба домбыра” атанған Сыр өңірінен табылған “қоссаз” домбыраның тарихы, музыкалық аспапты анықтаған археолог-ғалым ӘЗІЛХАН ТӘЖЕКЕЕВТІҢ еңбегі және археологиялық мұраның қайта жаңғыруына мүдделі болған облыстық музей ұжымының бірлескен жұмысы туралы айтылды.

декабрь 9 (2).jpg

декабрь 9 (3).jpg

декабрь 9 (1).jpg

Жаңалықтар

Фото галерея