Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Ә. Нұрпейісов музей-үйінде музей қызметкерлері арасында «ҮЗДІК МУЗЕЙ ҚЫЗМЕТКЕРІ– 2022» байқауы болып өтті. Шараға Арал ауданы әкімінің орынбасары Бержанов Кете-Төлеби Досымжанұлы, Қызылорда облысының мәдениет және спорт басқармасының бөлім басшысы Нұржақыпова Жанар, ҚР білім беру ісінің үздігі, ардагер-ұстаз, өлкетанушы Қуатов Үргенішбай және музей қызметкерлері, тарихшылар қатысты.