Ел өміріндегі бірқатар мәселелерді шешу көп жағдайда азаматтық қоғамның даму деңгейіне, жоғары патриоттық сананың қалыптасуына, өз еліне деген мақтаныш сезіміне, Отанының мүдделерін қорғау жөніндегі азаматтық борышты орындауға тікелей байланысты. Осы орайда, әскери-патриоттық рух қалыптастыру, азаматтарымыздың Отан алдындағы борышын өтеуге шақыру мақсатында «Ер-елінің қорғаны» атты кездесу ұйымдастырылды.Шараға Қызылорда облысының қорғаныс істері жөніндегі департаментінің тәрбие идеологиялық және әскери патриоттық жұмыстар басқармасының бастығы подполковник Жақыпов Алмат Алмасұлы, «Қарулы Күштерінің ардагерлері» РҚБ Қызылорда облыстық филиалының төрағасы запастағы подполковник Ршауов Мыңділда Сағидуллаұлы, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери- патриоттық қозғалысы РҚБ Қызылорда облыстық филиалы төрағасының орынбасары Жақашов Абзал Құрманғазыұлы қатысты.
