Басты бет

Енгізілді: 26.01.2016Қаралғаны: 140 рет
«Мен өмірді сүйемін» атты сурет салу байқауы

26 қаңтарда Көркемсурет галереясында «Қайырылымдылық – жылы жүректен» Республикалық  акциясы аясында Қызылорда облысының №6 есту қабілеті бұзылған балалардың арнайы (түзету) мектеп интернаты балалары арасында «Мен өмірді сүйемін» атты сурет салу байқауы өтті.

Мақсаты: Балалардың өнерге деген қызығушылығын арттыру, ең бастысы қоғаммен тығыз байланыс орнату. Мүмкіндіктері шектеулі балаларға оларға қоғам мүшесі екендігін ұғындыру және шығармашылық қабілеттерін дамыту, жас ұрпақты тәрбиелеуде, оның бойындағы туа біткен табиғи мүмкіндіктерін дамыту, бағалау.

Байқау қорытындысы бойынша қазылар алқасының шешімімен балалар жұмыстарына жеке тоқталып, жүлделі орындар белгіленіп, алғыс хатпен марататталды. Балаларға байқаудың демеушісі болған «Жігер» Қызылорда спортшы мүгедектер қоғамы бірлестігі ұсынған бағалы сыйлықтар үлестірілді.