Басты бет

Енгізілді: 13.03.2017Қаралғаны: 241 рет
«Сыр өңірінің зергерлік өнері» атты этнографиялық танымдық көрме ұйымдастырды

2017 жылдың 13 наурыз күні «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі Қорқыт Ата атындағы ҚМУ–мен бірлесе отырып, облыстық музей қорындағы құнды зергерлік коллекциядан «Сыр өңірінің зергерлік өнері» атты этнографиялық танымдық көрме ұйымдастырды.

Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейі қорында қазіргі таңда 2220 зергерлік бұйым сақталуда. «Сыр өңірінің зергерлік өнері» атты этнографиялық-танымдық көрмеге құнды зергерлік бұйымдардан – кемер белдік, алқа, бойтұмар, сырға, білезік, балдақ, жүзік, түйме, қапсырма, тұмарша, шашбау, шолпы, омырауша,, шекелік, өңіржиек, жүзік, сақина т.б. қойылды.

Зергерлік бұйымдар  ХIХ ғ. аяғы мен ХХ ғасырға жатады, басты материалы күміс, пайдаланған асыл тастары – ақық /сердолик/,  көгілдір ақық /бирюза/, коралл /маржан/, жемжуг /інжу/, шыны, Сыр өңірінің зергерлік бұйымдарын жасау технологиясы  - қаралау, шекіме, сымкәптеу, безеу, нүктелеу т.б. әдістер.

Көрменің мақсаты: қала қонақтары мен тұрғындарына Сыр өңірінің зергерлік өнері туралы ақпарат беру, жастарды сұлулық пен әсемдікке, талғампаздық пен тазалыққа тәрбиелеу, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптарды насихаттау.