Бүгін Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында даңғайыр диқан, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері, КСРО Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ыбырай Жақаевтың 130 жылдық мерейтойына орай .Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында «Ақ күріштің атасы – Ыбырай» атты көрме ашылды.

Көрменің мақсаты – даңқты диқанның еңбегін дәріптеу және оның жүріп өткен еңбек жолы мен жемісті нәтижелерін өскелең ұрпаққа насихаттау.

Шараны облыстық мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының орынбасары Наурызбаева Нұршат Бегежанқызы ашып, Ыбырай Жақаевтың баласы Сейітбек Жақай Ыбырайұлы, Шиелі ауданының «Құрметті азаматы» Әлиев Жақсылық Әлиұлы, Ы.Жақаев атындағы күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының директоры Н.Аппазов, «Қарақалпақстан Дән хәм сәли ғылыми істеп шығару» институтының директоры Утамбетов Дүйсенбек арнайы қатысып, екі ел арасындағы тығыз қарым-қатынас, жақсы достық туралы сөз қозғады.

Көрме қонақтарына Ы.Жақаевтың өмірі мен еңбегі жайлы баяндайтын архивтік фотоматериалдар, диқанның тұтынған заттары, баспа беттеріне жарияланған мақалалар жиынтығы және Ы.Жақаев атындағы ғылыми-зерттеу күріш институтының жаңа күріш түрлері таныстырылды.

Ел Тәуелсіздігімен қатар келген ұлы тұлғаның 130 жылдығына арналған шаралар диқанның туған жері Шиелі ауданында бастау алған болатын. Бүгінгі шараның жалғасы ретінде алдағы уақытта Жамбыл облысы, Мойынқұм ауданындағы Ы.Жақаевтың досы, Екі мәрте Социалистік Еңбек Ері шопан Жазылбек Қуанышбаев атындағы музейде көрме ұйымдастырылатын болады.

#Қызылордаоблысы
#Кызылординскаяобласть
#Сырелі

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу