ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҚОРЫ ҚҰНДЫ ЭКСПОНАТПЕН ТОЛЫҚТЫ!

Айтыскер ақын Мұхтар Ниязов жеңіп алған «Алтын домбыраны» Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің «Мәдениет және өнер» залына қою рәсімі өтті. Шараға ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, облыс әкімі Гүлшара Әбдіқалықова, ақын, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жүрсін Ерман, әнші-композитор, Қазақстанның Халық әртісі Алтынбек Қоразбаев, халықаралық «Алаш» сыйлығының иегері, Қазақстан Жазушылар Одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Ғалым Жайлыбай және айтыстың ақтаңгері, үш мәрте алтын домбыра иегері Мұхтар Ниязов қатысты.

Ақындық пен жыраулықтың алтын тамырын ұрпақтан ұрпаққа жалғастырған қазақ өнерінің олжасы, қазақ тарихында алтын әріптермен жазылып, мәңгілік мұра болып қалатын «Алтын домбыраны» музейдің «Мәдениет және өнер» залына облыс әкімі Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы орналастырып, ұлтымыздың арда өнеріне табыс тіледі.

 

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу