Түркістан және Қызылорда облыстарының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармаларының қолдауымен Түркістан облыстық «Бейнелеу өнері» музейінің қорынан жасақталған «Түркістан тарихы» атты жылжымалы көрменің ашылу салтанаты. Түркістан облысында орналасқан киелі орындарды, ұлы тұлғаларды, тылсым табиғат көріністерін, халықтың тұрмыс-тіршілігін, салт-дәстүрін, облыстың өркендеуін сипаттайтын қылқалам шеберлерінің 63 кескіндемелік шығармасы, 24 ауқымды көлемдегі фотосурет қойылған көрме киелі Түркістан елі мен Сыр жұртшылығы үшін тың серпіліс, рухани нәр, тарихи байланыс болып қалыптасты.

+7-7242-263252

Сұрақтарыңыз бар ма?

Бізге хабарласыңыз немесе хат жазыңыз

Хат жазу