Басты бет

Енгізілді: 13.06.2019Өзгертілді: 04.11.2019Қаралғаны: 38 рет
Аға ұрпақ өнері - жастарға аманат» атты халықаралық суретшілер симпозиумы

Аға ұрпақ өнері - жастарға аманат» атты халықаралық суретшілер симпозиумы
Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының ұйымдастыруымен Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің C.Айтбаев атындағы көркемсурет галереясында 2019 жылдың 13-25 маусым аралығында Сыр елінде «Аға ұрпақ өнері - жастарға аманат» атты халықаралық суретшілер симпозиумы өтті.
«Жастар жылы» аясында ұйымдастырылған халықаралық симпозиумның мақсаты - талантты жастарға қолдау көрсету, бейнелеу өнері саласындағы еңбек сіңірген қайраткерлер мен талантты жас қылқалам шеберлерінің басын қосып, көркемсурет саласы бойынша пікірлесу, өзара тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, сондай-ақ, Қызылорда облысы аумағының өзіндік табиғи, географиялық ерекшеліктерін және Қызылорда қаласының көрікті орындарын бейнелейтін өнер шығармаларын жасау. Бейнелеу өнерінде жаңаша көркем және пластикалық шешімдер мен формаларды іздестіру.
Осы симпозиум аясында облыс орталығындағы Көркемсурет галереясына жерлесіміз, елімізге белгілі қазақ өнерінің майталманы, кескіндемеші, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Салихитдин Айтбаевтың есімі беріліп отыр.
Биылғы симпозиумға Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей елдері және республикамыздың барлық өңірлерінен келген белгілі қылқалам шеберлері қатысты. Атап айтсақ, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері, «Парасат» орденінің иегері Қазығұлов Алпысбай Нығыметұлы, Қазақстан Республикасы Көркем академиясының академигі Махаметов Сейсенхан Орынбекұлы, ҚР Суретшілер одағының жауапты хатшысы, ҚР Суретшілер одағының мүшесі, өнертану ғылымдарының кандидаты Нәтбаев Жамбыл Амзеұлы, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Шилібаев Нұрлан Шилібайұлы, КСРО Суретшілер одағының мүшесі «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері Шаржанов Араншы Анарбайұлымен қатар, жас суретшілерімізде Сыр елінде жұмыс жасады. Симпозиумға барлығы 21 суретші қатысты.
Әр мемлекеттен және еліміздің түкпір-түкпірінен келген суретшілер Ұлы даланың қанық бояуларын танытып, Сырдың көрікті келбетін ашып, қазақ халқының өрлігін сездіре білді.