Басты бет

Енгізілді: 15.06.2019Қаралғаны: 57 рет
«Н.Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесінің жабылу салтанаты

Үстіміздегі жылдың 14 маусымында Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» атты көшпелі қор көрмесінің жабылуы рәсімі өтті.
Көрменің жабылу салтанатына Қызылорда облысының әкімі Қырымбек Көшербаев, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы кітапханасының директоры Әмірхан Рахымжанов, қала тұрғындары мен студент жастар, сондай-ақ зиялы қауым өкілдері мен мәдениет саласының қызметкерлері қатысты.
Көрменің басты мақсаты – Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың тәуелсіз Қазақстанның тағдырындағы бірізді толық рөлін көрсету, Елбасының сарабдал саясатының арқасында жүзеге асқан жас мемлекетімізідің әлем алдында беделінің артуын жан-жақты насихаттау.