Басты бет

Енгізілді: 01.06.2019Қаралғаны: 62 рет
«Мен өмірдің гүлімін» атты мерекелік шара

1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай Облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен «Сыр берекесі» балабақшасының бүлдіршіндерінің қатысуымен «Мен өмірдің гүлімін» атты мерекелік шара өткізілді. Мақсаты: балалардың жеке қасиеттерін дамыту, тақпақ, өлең, әндерді нақышына келтіре айтуды үйрету. Бір - бірін сыйлауға, адамгершілік қасиеттерін жоғалтпай ұстауға жетелеу.
Шарада бүлдіршіндер өз өнерлерін ортаға салды, атап айтқанда би билеп, ән салып, түрлі ойындар ойнатылды. Шара соңында бүлдіршіндерге тәттілер таратылып, балабақша тәрбиешілеріне алғыс хаттар табысталды.