Басты бет

Енгізілді: 17.05.2019Қаралғаны: 53 рет
«Кенеп бетіндегі сыр табиғаты»

2019 жылдың 17 мамыр күні сағат 11.00 де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің филиалы С.Айтбаев атындағы Көркемсурет галереясының ұйымдастыруымен Қазақстан Суретшілер Одағының мүшесі, білім беру ісінің үздігі Қуанышбай Ембергеновтың «Кенеп бетіндегі сыр табиғаты» атты жеке шығармашылық көрмесінің ашылуы өтті. Көрме галерея залында Сыр жұртшылығы мен қала қонақтарына 17 мамыр – 17 маусымы аралығында жалғасады.