Басты бет

Енгізілді: 18.05.2019Қаралғаны: 68 рет
«Музей күні»

18 мамыр – Халықаралық музейлер күніне орай, 2019 жылдың  18 мамыр күні, облыстық тарихи-өлкетану музейінде «Ашық есік» күні жарияланып, «Музей күні» атты мерекелік іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Музей күні» іс-шаралар бағдарламасы бойынша «Елін сүйген Елбасы» атты фотокөрме ұйымдастырылып, «Әлем таныған Елбасы» тарихи-танымдық сабақ өткізілді.
Мерекелік шараға қатысушыларға Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Кітапханасының «Н. Назарбаев: дәуір, тұлға, қоғам» көшпелі қор көрмесі  таныстырылып, тақырыптық және шолу экскурсиялары жүргізілді.
Сондай-ақ, мерекелік шара аясында жыл сайынғы дәстүр бойынша өлкеміздің өткені мен бүгінгісін келешек ұрпаққа жеткізу, ұлттық рухани мұрамызды түгендеуге және жинақтауға үлес қосу мақсатында «Музейге сый» акциясы ұйымдастырылып,  музей қоры Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі Асқар Кіребаевтың, еңбек ардагері Сералі Жүсіпбаевтың, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі Жүзбай Таңырықбаевтың, қалалық ардагерлер кеңесінің орынбасары Базаркүл Тұяқбаеваның құнды экспонаттарымен толықты.