Басты бет

Енгізілді: 15.05.2019Қаралғаны: 62 рет
Өнегелі отбасы

15 мамыр - Халықаралық Отбасы күніне орай Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде Елбасының "Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру" атты мақаласындағы "Рухани қазына" кіші бағдарламасы аясында "Туған өлке мәдениеті, өнегелік құндылықтар" базалық жобасын жүзеге асыру мақсатында "Өнегелі отбасы" музейлік жобасы ұйымдастырылды. Аталмыш жобаға алғаш рет мұғалімдер династиясы Дүйсебековтер отбасы қатысып, мұғалімдік еңбек жолы туралы ой бөлісті. Шара соңында Дүйсебековтар отбасы атынан музей қорын толықтыру мақсатында Т.Дүйсебековтың "Туған жер, өскен өңір естеліктері" атты кітабын сыйға тартты. Алдағы уақытта да жоба жалғасын табады. Себебі, Сыр өңірінде түрлі көп жылдар бойы еңбек еткен еңбек адамын ұлықтау – музей тарапынан үлкен қолдау және насихаттау басты міндеттердің біріне айналмақ.