Басты бет

Енгізілді: 14.05.2019Қаралғаны: 34 рет
"Жас өлкетанушы"

14 мамыр күні сағ 16-00 де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінің ұйымдастыруымен Елбасының "Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында қаламыздағы білім беру мекемелерінің ынталы жастары мен жас зерттеушілерін өлке тарихын зерттеуге, мәдени-тарихи құндылықтарымызды қастерлеуге, музейге деген қызығушылығын арттыруға бағытталған қаламыздағы №№3, 6, 197, 176, 143 мектеп оқушыларының қатысуымен "Жас өлкетанушы" ғылыми-білім жобасы өтті.
Аталмыш жоба аясында жас өлкетанушылар Қызылорда облысы тұрғындары арасынан жинақтаған ел тарихы мен мәдениетіне қатысты музейлік маңызы бар құнды жәдігерлерді ү.ж. 26 сәуір күні музейдің жанынан құрылған комиссия мүшелеріне ұсынған болатын. Іріктеу нәтижесінде құнды деп танылған экспонаттардан "Музей. Тарих. Жәдігер" атты көрме ұйымдастырылды.
Жобаның мақсаты - қаламыздағы орта мектептермен тығыз байланыста бола отырып, музей әлеміне балаларды тарту. Ұлттық тарихи-мәдени құндылықтарымызды келешек ұрпаққа жеткізіп, жастардың санасына сол құндылықтарға деген құрмет, патриоттық көзқарасты қалыптастыру, өлкеміздің тарихына қызығушылығы бар балаларды баулу, үйрету. Аталмыш жоба аясында музей қоры 150-ге жуық экспонатпен толығып отыр.
Шара барысында Сыр елінің тарихы мен мәдениетін зерттеуге орасан үлес қосқан белгілі журналист Ахат Жанаев сөз сөйлеп жас өлкетанушылармен ой бөлісті. Шара соңында өлкеміздің бай тарихын зерттеуге атсалысқан оқушылар мен мұғалімдер музей басшылығының марапатына ие болды.