Басты бет

Енгізілді: 01.05.2019Қаралғаны: 26 рет
Өнер арбатының маусымдық ашылуы

1 мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі күні Өнер арбатының маусымдық ашылуы болып өтті. Шараға қала тұрғындары, қонақтары, қала жастары және БАҚ өкілдері қатысты. Өнер арбатында  вокалды аспапты ансамбльдің арнайы концерттік бағдарламасы, заманауи көше билері, қолөнер шеберлерінің көрме жәрмеңкесі, театр қуыршақ тобы кейіпкерлерінің қойылымы, «Оқитын арбат» фестивалі, спорттық үстел ойындары , Сыр өңірінің тарихи-мәдени мұра нысандары туралы тарихи-танымдық көрме  және түрлі концерттік бағдарламалар ұйымдастырылды.