Басты бет

Енгізілді: 15.03.2019Қаралғаны: 18 рет
"Наурыз - адамзат пен табиғаттың мейрамы!"атты мерекелік шара ұйымдастырылды.

Ү.ж. 15 наурыз  күні сағат 11.00 - де Қызылорда облыстық тарихи-өлкетану музейінде "Сыр - берекесі" балабақшасымен бірлесе отырып "Наурыз - адамзат пен табиғаттың мейрамы!"атты мерекелік шара ұйымдастырылды.
Шараға қаладағы «Сыр - Берекесі» балабақшасы бүлдіршіндері мен ата-аналар, тәрбиешілер, БАҚ өкілдері және музей қызметкерлері қатысты.
Шараның мақсаты - ұлттық дәстүрдің ерекшеліктерімен таныстыру. Қазақ халқының салт-дәстүрлерін балалардың бойына сіңіру. Балаларды  ұлттық салт-дәстүрді, мұраларды танып-білуге, қастерлеуге, сақтауға тәрбиелеу. Балалардың ой-қиялының, шығармашылық белсенділігінің және бейнелі ойларының дамуына ықпал ету. Наурыз мейрамының мәнін түсіндіру, оған қатысты салт-дәстүрлердің туу себептерін, даму  ерекшеліктерін, орнығу заңдылықтарын, халқымыздың  мәдениеті  мен этнографиясын ашып көрсету, ұлтжандылыққа, имандылыққа, инабаттылыққа өнерге  баулу.