Басты бет

Енгізілді: 13.03.2019Қаралғаны: 16 рет
"Қазақ айелдерінің ұлттық бас киім кию дәстүрі"атты этнографиялық корме ұйымдастырылды

Елбасының "Ұлы даланың жеті қыры"бағдарламалық мақаласы аясында облыстық музейде "Қазақ айелдерінің ұлттық бас киім кию дәстүрі"атты этнографиялық корме ұйымдастырылды. Қазақ халқы ешқашан жалаң бас жүрмеген.Ер  адам, әйел адам өзіне сай бас киім киген.Жалаң бас жүрмеудің  экологиялық , эстетикалық негізі бар.Баскиім қыста аязда, жазда күннің ыстығынан қорғайды.Денсаулыққа үлкен мән берген ата- аналарымыз баскиімге аң , мал терілерін пайдаланған , тыстық ретінде берік , тығыз, шыдамды матаны қолданған.Бас киімді екі түрге бөлген.Ер бала және қыз бала , әйелдер сәлде , картоз , тақия киеді. Қыз балалар бас киімі - кәмшат бөрік , тақия.Әйелдер бас киімі - сәукеле , кәмшат бөрік , қасаба , кимешек , шылауыш.Көрмеге музей қорындағы сақталған өнер қайраткерлерінің ҚР халық әртісі Ш. Бакированың тақиясы , А. Арысбаеваның  "Ақан сері - Ақтоқты" сп ектаклінде киген сәукелесі , Қызылорда қаласындағы қолөнер шебер орталығының қызметкерлері сыйға тартқан сәукеле көрме төрінен орын алды. Көрменің  мақсаты Ұлттық көркем өнердің дәстүрін , оның тарихилығын жете білуге , әдептілікке ,бұйымының тиімділігін түсіне білуге  тәрбиелеу , бас киімнің қасиеті мен киесін ұғындыру.